«Жасанды интеллект қоғамда әлі де басым орынға ие болмаған дәуірде, адамдар ақпараттық жүйелерді баптау және қызмет көрсетумен айналысады»
Мамандығы: 06120200 Ақпараттық қауіпсіздік жүйелері
Білікітілігі: 3W06120101 Ақпараттық және бағдарламалық қамтамасыздандыруды қорғау операторы; 4S06120202 Ақпараттық қауіпсіздік технигі
Бүгінгі таңда «Ақпараттық қауіпсіздік жүйелері» мамандығы - кез-келген саладағы компаниялар мен ұйымдарда қолданылатын ақпараттық технологиялар, ақпараттық жүйелерді құру және пайдалану туралы білім беретін ең танымал мамандықтардың бірі.
Ақпараттық жүйелер саласындағы маман - бұл ақпараттық жүйелердің жұмысын ұйымдастыруға және басқаруға қабілетті, білімі мен қолдану аясы әртүрлі болуы мүмкін: қаржы, туризм, спорт, көлік, IT, жасанды интеллект, Web-технологиялар. IT мамандарына сұраныс деңгейі өте жоғары. Жаңа өндіріс технологияларын қолданатын кәсіпорындарда, сондай-ақ болашақта қызметі ғылыми-зерттеу өнімдерімен байланысты түрлі жеке ұйымдарда мамандарға сұраныс жоғары. Мамандық ерекшелігі
ақпараттық жүйелерді құру және пайдалану;
ұйымдастырушылық басқару міндеттерін автоматтандыру;
ақпараттық жүйелер мен іскери қосымшаларды жасау әдістері мен құралдары;
ақпараттық жүйелерді өзгерту, оңтайландыру және дамыту ережелері;
бағдарламалар, бағдарламалық жасақтама компоненттері, бизнес-қосымшаларды бағдарламалауға арналған тілдер мен жүйелер;
кәсіпорындағы менеджментті, бухгалтерлік есепті, есептілікті ұйымдастырудың стандарттары мен әдістері;
ақпараттық өзара іс-қимыл жүйесінің стандарттары мен әдістері. Бұл мамандықтың түлектері келесі кәсіби қызмет түрлеріне дайындалады:
ақпараттық жүйелердің жұмысын және модификациясын ұйымдастыру;
ақпараттық жүйелерді дамытуға қатысу;
бірлескен басқаруды және деректер базалары мен серверлерді автоматтандыруды ұйымдастыру. Оқу мерзімі
9сыныптан кейін 3 жыл 10 ай (күндізгі бөлім);
11сыныптан кейін 2 жыл 10 ай (күндізгі, сырттай) Оқытылатын пәндер
электроника, электротехника;
web – бағдарламалау;
Ақпаратты қресурстар және есептеуіш желілер;
компьютерлік геометрия мен графикасы;
мультимедия технологиясы;
бағдарламалау мен алгоритмизация негіздері,
автоматтандырылған ақпараттық жүйелерді бағдарламамен қамтамасыздандыру,
өндірістік және экономикалық процесстерді моделдеу негіздері,
Визуалды коммунмкациялар мен қолданбалы дизайнның аспаптық құралдары Эксклюзивті және сұранысқа ие курстар
Piton тілінде бағдарламалау негіздері
микроконтроллерлерді бағдарламалау негіздері (Робототехника) Бейіндік пәндер
Математика,
Қазақ тілі,
Информатика Қызметте өсу болашағы
Оқуды аяқтағаннан кейін бітірушілер коммерциялық компаниялар мен бюджеттік мекемелерді ұйымдастырушылық басқару міндеттерін шешуге мүмкіндік беретін ақпараттық жүйелер құру үшін түрлі құрылымдар мен салалардағы ұйымдарда сәтті жұмыс істейді.
«Ақпараттық қауіпсіздік жүйелері» мамандығының түлектері жоғары оқу орындарында оқуын туыстық мамандық бойынша қысқартылған оқу түрінде жалғастыра алады.