Колледж туралы
ВИКМО командасына қош келдіңіз
КОРПОРАТИВТІК ФИЛОСОФИЯ
ВИКМО миссиясы:
«ӨЗІН ЖӘНЕ ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ӨЗГЕРТЕ АЛАТЫН, ЕРКІН ӘРІ ЖАСАМПАЗ ТҰЛҒАНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫНА ШАБЫТ БЕРЕТІН АКАДЕМИЯЛЫҚ ОРТАНЫ ҚҰРУ»
ВИКМО стратегиясы:
«БІЗ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ЗЕРТТЕУЛЕР, БІЛІМ БЕРУДІҢ ЗАМАНАУИ ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫН ЕНГІЗУ, ТӘЖІРИБЕ СҰРАНЫСТАРЫНА ЖӘНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚҚА БАҒДАРЛАНУ АРҚЫЛЫ ЕУРАЗИЯЛЫҚ КЕҢІСТІКТЕ ТАНЫЛҒАН КОЛЛЕДЖ БОЛУҒА ҰМТЫЛАМЫЗ».
БІЗДІҢ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫМЫЗ:
Біз бір командамыз: Біз бір-бірімізге қуана көмектесеміз, ортақ мақсатқа жету үшін үйренеміз және жұмыс жасаймыз. Біз өз әріптестеріміз бен білім алушыларымызға дамуға және өсуге көмектесеміз. Әркімнің пікірі маңызды және команданың кез-келген мүшесі Комитеттер мен Комиссиялар арқылы ұжымдық шешім қабылдау процесіне қатысуға құқылы.
Адалдық: Біз жоғары этикалық стандарттарды ұстанамыз. Біз өзімізге, оқуымызға, жұмысымызға, колледжімізге, әріптестерімізге және білім алушыларға қатысты адал және парасатты тұлғалармыз. Колледждің беделі мен құндылығын біз жеке бас пайдасынан жоғары қоямыз.
Шығармашылық: Біз айналысып жатқан жұмысымызды жақсы көреміз, айналамыздағы әлемді жақсы жаққа өзгертуді қалаймыз және оған дайынбыз. Біз креативті тұлғамыз және үнемі жаңа идеяларды қалыптастырамыз. Бұл біздің мақсаттарымыз бен жетістіктерімізге жетудегі қуаттың қайнар көзі.
Ашықтық: Біз адамдар мен жаңа идеялар үшін, инновациялық зерттеулер мен білім беру саласындағы диалог пен ынтымақтастық үшін жергілікті және жаһандық деңгейде ашықпыз, айналамыздағы маңызды өзгерістерге дайынбыз. Біз сапалы шешімдер қабылдауға және кәсіби салада жоғары деңгейге жетуге көмектесетін сындарлы сынды қолдаймыз. Біз кез келген келіспеушіліктерді өзара сыйластық, теңдік және әділеттілік арнасында шешеміз.
Жеке тұлғаны құрметтеу: Біз даралықты, сындарлы пікірлерді бағалаймыз, жеке тұлғаның үйлесімді дамуына ықпал етеміз, өз қабілетін іске асыру және өзін-өзі дамыту үшін мүмкіндіктер береміз.
Сапа:Біз өзіміздің стейкхолдерлеріміз бен серіктестеріміздің үміттеріне сай келетін немесе олардан асып түсетін қызметтерді ұсынамыз. Студенттерге сапалы қызмет көрсету, студенттерге бағытталған ортаны құру – ВИКМО командасындағы әр адамның міндеті.
ВИКМО-ның бас ғимараты




Previous
Next
ЖОҒАРЫ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАР КОЛЛЕДЖІ - бұл Атырау өңіріндегі ең алғашқы халықаралық деңгейдегі жаңа форматтағы колледж. Колледж 1559,4 шаршы метрлі үш қабатты жаңа ғимаратта орналасқан.
Ең бастысы, біз кеңейе береміз! Жаңа футбол алаңы, кітапхана, конференц-залы, акт залы, заманауи жабдықтармен жабдықталған зертханалар мен аудиториялар салынуда.
2022 жылдың басына студенттерді академиялық өмірге кеңінен тартуға ықпал ететін жаңа ғимарат ашу жоспарлануда.
Халықаралық қатынастар жоғары инновациялық колледжінде әр түрлі типтегі сабақтарға жарамды және мультимедиялық техникамен жабдықталған 30 кең, көп форматты кабинеттер бар. Сондай-ақ, лингафон зертханасы мен информатика және компьютерлік технологиялар кабинеті бар, олар заманауи ноутбуктармен және аудио жабдықтармен жабдықталған.



Previous
Next


Previous
Next
Колледжде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің бұйрығына сәйкес бекітілген «Денсаулық сақтау ұйымдарын медициналық өнімдермен жабдықтаудың минималды стандартына сәйкес» барлық жабдықтармен жабдықталған алғашқы медициналық көмек көрсету бөлмесі және оқшаулау бөлмесі бар. Медициналық кабинет алғашқы медициналық көмекке қажетті дәрі-дәрмектер жиынтығымен жабдықталған. Медициналық кабинеттер қызметінің негізгі міндеті студенттер мен колледж қызметкерлерінің денсаулығын сақтау, нығайту және алдын-алу, аурулардың таралуын азайту болып табылады.
«ХХІ ғасыр - мәдениет, ғылым және білім ғасыры.
Кітапхана - барлық білімнің қайнар көзі.»
Н.Ә.Назарбаев
Заманауи кітапхана оқырманға ақпарат алу құқығын жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Кітапхана - бұл колледждің маңызды құрылымдық бөлімшелерінің бірі, ол тек маңызды ақпараттық ресурс емес, сонымен қатар студенттер мен оқытушылардың ақпараттық мәдениетін қалыптастыратын орталық. Колледж кітапхана қорының құрылымына: оқу және оқу-әдістемелік әдебиеттер қоры; көркем, анықтамалық және энциклопедиялық басылымдар; оқу үдерісіне де, бос уақытты оқуға да қатысты мерзімді басылымдар; оқытылатын пәндер бойынша электрондық тасымалдағыштағы құжаттар. Кітапхана барлық санаттағы оқырмандарға (студенттерге, оқытушыларға, қызметкерлерге) толық және жедел ақпараттық-библиографиялық қызмет көрсетеді.



Previous
Next
Қазіргі уақытта колледжде екі компьютерлік кабинет бар, олардың екеуі де мультимедиялық жүйемен жабдықталған (проектор, компьютер, экран). Колледждегі ноутбуктардың жалпы саны - 36. Колледжде 2 жергілікті желі бар. Студенттер мен оқытушылар Дүниежүзілік Интернет желісінің ресурстарына еркін қол жеткізе алады. Колледжде Интернет-сайт бар, сайттың беттерінде оқу орны, оның құрылымы, кадрлық құрамы, нормативтік-құқықтық базасы, оқу және сыныптан тыс жұмыстары, жаңалықтар туралы ақпарат бар.
Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексі
Білім беру қызметін лицензиялаудың кейбір мәселелері туралы
Білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестаттау ережесін бекіту туралы
Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі кәсіптер мен мамандықтар жіктеуіші
Педагогикалық кадрларды аттетациялау
Курстық жұмыстарды орындау және қорғау бойынша әдістемелік нұсқаулар
Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері туралы Конституциялық заңы