Маркетинг

«Бизнестің екі функциясы бар - маркетинг және инновация»

04140100 «Маркетинг» (салалар бойынша) мамандығы

Сізде қарым-қатынас, шығармашылық, талдау дағдылары бар ма, әртүрлі мәселелерді шығармашылық тұрғыда шеше аласыз ба? «Маркетинг» мамандығы Сіз үшін! Осының барлығын игере білу- бәсекеге қабілетті, сұранысқа ие маман болу. Маркетолог - бұл нарықты, тұтынушылардың қажеттіліктері мен қалауын зерттейтін маман.
Кең мағынада, маркетолог - бұл маркетинг саласында жұмыс істейтін кез-келген маман.Бұл мамандық экономика, психология және әлеуметтік зерттеулерге қызығушылық танытатындар үшін қолайлы.
Маркетинг мамандығынан жарнамаланатын өнімдердің танымалдығы мен сатылым деңгейі, одан әрі қарайғы табысы байланысты, өйткені бұл өндірушіге тұтынушының қажеттіліктерін түсінуге және қанағаттандыруға көмектеседі.

Біліктілігі
Маркетолог
Оқу түрі:
Күндізгі, Сырттай
Оқу мерзімі:
9 сыныптан кейін - 2 жыл 10 ай
11 сыныптан кейін - 1 жыл 10 ай
Бейіндік пәндер:
Қазақ (орыс) тілі және әдебиеті, Математика
Оқытылатын пәндер:
Маркетинг; Тауартану,
Халықаралық маркетинг; Маркетингзерттеулері,
Логистика негіздері,
Жарнамалық қызметті ұйымдастыру,
Менеджмент негіздері,
Саланы ұйымдастыру және сала технологиясы
Қосымша берілетін курстар:
Шешендік өнер;
Мерчандайзинг негіздері;
Театр студиясы;
Чирлидинг.
Мамандықтың ерекшелігі:
Маркетологтың жұмысы көптеген жауапкершіліктерді қамтиды, бірақ олардың негізгісі болып:
Компания өнімдерін тиімдірек жылжыту және сатуды арттыру үшін бәсекелестерді, меншікті өнімдер мен нарықты талдау;

Мамандықтың ерекшелігі:
Белгілі бір өнімнің сұранысқа ие болатынын және неге қажет екенін бағалайды;
Тауарларды жылжыту тәсілдерін ұсынады;
Бәсекелестердің әрекеттерін бағалайды (олардың өнімдерінің ерекшеліктері, баға саясаты);
Зерттеу тобының жұмысын ұйымдастырады;
Саланы бақылайды және нәтижелерін талдайды;
Сатып алушылардың қалауын анықтайды, өндірушіге, сатушыға ұсыныстар жасайды.
Қызметте өсу болашағы
Маркетолог - келешегі зор және шығармашыл мамандықтардың бірі. Маркетинг саласындағы диплом түлектерге табысты кәсіпкер болуға мүмкіндік береді.
Маркетолог, жоғарыда айтылғандай, компанияның сыртқы және ішкі жарнамалық және PR қызметін ұйымдастырумен және басқарумен айналысады.
Алайда, ірі компанияларда бұл жұмыс бір маманға тым көп - оны бүкіл бөлім орындай алады, оған мыналар кіреді:
Талдаушы; Маркетолог-экономист;
Product-менеджері; Event-менеджері;
BTL-менеджері; Бренд-менеджері;
Маркетинг бойынша директор;
SMM-менеджмері; SEO- маманы.
Маркетолог жұмысы - қызықты, шығармашыл, болашағы бар және жоғары ақылы.